Азат елдің айбыны

   Қазақстан Тәуелсіздік алған соң, ең бірінші өз әскерін құру міндетін алға қойды. Бұл әрине, оңай шаруа болмады. 1992 жылы 7 мамырда тұңғыш рет ҚР Қарулы Күштері құрылды. Оның қалыптасу және даму жолдары Мемлекет басшысы, Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.

   Елбасы Жолдауында атап өтілгендей, біздің негізгі мақсатымыз – әлемдік стандарттарға сай, білімді, шет ел тілдерін еркін меңгерген, әскери және техникалық тұрғыдан шебер мамандар даярлау, нағыз әскери элитаны қалыптастыру.

  Қарулы Күштерді құрудың бастапқы кезеңіндегі өзекті проблемалардың бірі –ұлттық кадрлардың жетіспеушілігі болды. Сондықтан, Президент отандық әскери білім және ұлттық кадрлар даярлау жүйесін түбегейлі қайта құруды міндет етті. Бүгінде бұл жұмыс табысты жүзеге асып, отандық білім беру жүйесі толық қалыптасты. Әскери қызмет, Отан қорғау – үлкен мәртебе. Халық батыры Бауыржан Момышұлы айтқанындай, «офицер мемлекеттік қызметкер емес, ол көптеген адамдардың тағдыры тапсырылған мемлекет адамы болуы тиіс». Бұл тұрғыда офицерлерді дайындайтын жоғарғы әскери оқу орындары ұйымдастырушылық қабілеті бар, ерік-жігері, денсаулығы мықты және табанды, қарамағындағыларды оқытып, тәрбиелей алатын білікті мамандарды даярлауға баса көңіл бөледі. Қазіргі таңда Атырау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасында еліміздің Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына талапкерлерді іріктеу жұмыстары жүргізілуде.

(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз).

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз