Жаңғыру жолы

100 jana oqylyq Қоғам

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының маңызын бүкіл қоғам болып терең түсініп, еліміздің рухани тәуелсіздігін нығайтатын стратегиялық құжатқа балап отырмыз. Елбасымыз өз мақаласында рухани дүниеміздің түгенделуіне, саналы ұрпақ, сапалы болашақ қалыптастыруда маңызды алты жобаны атап көрсетті. Соның бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы.

100 jana oqylyq

Астана қаласында Елбасының қатысуымен аталмыш жоба аясында шығарылған ал-ғашқы кітаптарды таныстыру рәсіміне өңірден тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі Гүлфайруз Қайырғалиева қатысып келген болатын. Аталған жобаны насихаттау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында сәуір айында Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «National bookda-ting» акциясы өтті. Іс-шараға Ассамблеяның, ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Жоба аясында философия, дінтану, антропология және журналистика бойынша 18 кітап пен оқу құрал жарыққа шықты. Әрбір оқулық 10 мың данамен басылып, алдағы бір айдың ішінде жоғары оқу орындары мен кітапханаларға таратылмақшы. Сондай-ақ, оқулықтар биылдан бастап оқу бағдарламасына енгізіледі. Барлық кітаптардың электронды нұсқалары және соның негізінде әзірленген бейнедә-рістер топтамасы Қазақстанның ашық университеті платформасы (OpenU.kz) арқылы таратылатын болады.

Атыраудағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын тал-қылауға арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының бірыңғай күні өтті. Ассамблея кафедралары жобаны насихаттау мақсатында Атырау мұнай және газ университеті мен Инженерлік-гуманитарлық институтында «дөңгелек үстел» ұйымдастырды.

Алдағы уақытта Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық тобының отырысы өтпекші. Онда жастардың білім алуына, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің озық тәжірибелерін оқу үрдісіне енгізу бағытында атқарылуға тиісті жұмыстар сарапталмақ.

Негізінен аталған жоба әлемдік жоғары оқу орындарының білім бағ­дарламаларына енетін әмбебап оқу­лық­тарды аудару арқылы Қазақ­стан­дағы гуманитарлық ғылымның да­му деңгейін жоғарылатып, отандық жоғары оқу орындарын­да бі­лім беру сапасын көтеруді мақсат етеді.

Әлемдік деңгейдегі ғылымның, білімнің озық жетістіктерін меңгеру үшін танымал  саясаттанушылардың, әлеуметтанушылардың еңбегін оқыту өте маңызды және студенттердің сыни тұрғыда ойлауына қолайлы деп есептеймін. Қазіргі таңда бұл ауқымды жоба өз жемісін беріп те жатыр. Себебі, әлемдегі үздік кі­таптардың қазақ тіліне аударылуы қа­зақ тілін жүйелі түрде байытуға жә­не оны дамытуға үлес қоспақ. Кең көлемді аудар­ма жұмысы қазақ тілін халық­ара­лық ғылыми лексикамен байыта түсуге, академиялық жазу стилін же­тілдіруге, қазіргі ғылыми-зерттеу жә­не баяндау әдістерін меңгеруге зор мүмкіндік береді. Оқулықтарды аудару барысында қазақ тіліне үш мыңнан астам жаңа ғылыми терминдер мен ұғымдар енгізілді. Бұл ғылыми терминологияны да­мы­­тып, еліміздегі ғы­лы­ми аударма жұмысының да жаңа бе­лесін айқындап берді.

Елбасы «2018-2019 оқу жылынан бастап аударылған оқулықтар жоға­ры білім беру жүйесіне енеді. Бұл оқу­лық­тармен Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарындағы студенттер оқытыла бас­­тайды» деген болатын. Сондықтан, жа­ңа оқулықтар бойынша бі­лім алатын студенттеріміз білім са­ласындағы жаһан­дық бә­се­ке­лестікке төтеп беретін­дігі­не сенімдімін. Себебі, алға қарай біз­дің студенттер әлемге танымал ғалымдардың еңбек­те­рін өз ана тілінде оқи алады.

Бұл жоба­ еліміздің қарқынды дамыған отыз мемлекеттің қатарына қо­сы­луы­на айтарлықтай ықпал ет­пек.

Гүлмира ШӘКІРОВА,

Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы

төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз