«ЖҮРЕГІ ЖЫР – ЖҰМЕКЕН»

Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде Жұмекен Нәжімеденовтің 80 жылдығына орай «Мәнерлеп оқу» үйірмесінің жетекшісі Әсел Берікқызы  Хамзинаның  ұйымдастыруымен «Жүрегі жыр – Жұмекен» атты әдеби-поэзиялық кеші өтті.

 

Аты шартарапқа таралған, Қазақстан Республикасы Әнұранының авторы, ақындық әлемі нұрлы, лирикалық өлеңдердің жүйрігі Жұмекен Нәжімеденов – қайраткерлігімен де аңызға айналған ақын. Мәнерлеп оқу үйірмесінің жетекшілігімен өткен әдеби-поэзиялық кеште Атырау облысының, Құрманғазы ауданындағы, Қошалақ өңірінде дүниеге келген әйгілі ақын отбасы жайында, шығармашылығы туралы кеңінен әңгіме болды.

Ақын Жұмекен Нәжімеденовтің мерейтойына «Арқалы жырдың тұғыры» деген атпен кітап көрмесі ұсынылды.

Шара соңында сөз алған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пән бірлестігінің жетекшісі Әсем Ізбасарова кештің жоғары деңгейде өткендігін жеткізіп, шараны қорытындылады. Жас ақындарымызға Жұмекеннің ізін жалғар ақын болуларына тілек білдіріп, Алғыс хаттармен марапаттады.

Айкөркем АЛТЫБАЙ,

Қ.Дүтбаева атындағы

колледж студенті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз