ЖҰМЫСКЕРДІҢ ЖАЙЫН АЙТСАҚ…

Біздің Жұмыскер округінде тұрып жатқанымызға он бес жылдың жүзі болды. Міне, осы уақыттан бері көрген күніміз қараң. Жаңбыр жауса болды – көшеге шығу мұң. Айналамыз ми батпақ. Бұл, әсіресе, балаларға қиын. Бір құлап, бір тұратын олардың балшыққа малшынған киім-кешектерін жуудан қарымыз талады. Бұл аздай, қатты жел тұрғанда жарығымыз әлсін-әлсін сөніп қала береді.

 

Осындай қиындықтарымызды айтып, Атырау қаласының бұрынғы әкіміне де бардық. Көшелерімізге жол салуларын өтіндік. Бірақ, ол кісі басқа жұмысқа ауысып кетті де, біз сол балшық, жарығы жоқ көшеде қалып қойдық. Қалаға таяу орналасқан біз секілді ауылдардың жағдайына кім жанашырлық танытады, әлде осылай отыра береміз бе?

Жанар ҚАРАБАЕВА,

Жұмыскер ауылының тұрғыны.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз