«ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ»

Мамыр айында Атырау қаласында нөсер жаңбыр жауып, облыс бойынша төтенше жағдай жарияланған болатын. Ол бойынша мекемелер, жекелеген кәсіпорындар көмек қолын созып, қала халқына жәрдемдесті. Бұл оқиғадан Нұртан Сәрсенова төрағалық ететін Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитеті де тыс қалған жоқ. Хабар естілген бойда облыстық кәсіподақ комитетінің атқару кеңесі отырыс өткізіп, зардап шеккендерге кәсіподақтың қайырымдылық көмегін бөлу және беру жөнінде шешім қабылданды. Барлық мекемелерге хат жолданып, көмекке мұқтаж медицина қызметкерлерінің тізімі жинақталынды. Медицина қызметкерлерінен 54 адам зардап шеккені белгілі болды.

 

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы Атырау облыстық комитетінен 1 000 000 теңге, бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан 400 000 теңге бөлінді.

Сол сияқты, медицина қызметкерлері қиындыққа душар болған әріптестеріне бір күндік жалақыларынан қаржы жинап, 400 000 теңгені, емдеу сауықтыру мекеме әкімшіліктері 1 200 000 теңгені бюджеттен тыс немесе үнемделген қаржыдан өз қызметкерлеріне көмек көрсетті.  Су тасқынынан зардап шеккен медицина қызметкерлеріне жалпы көлемі 3 000 000 теңге көмек көрсетілді. Әсіресе, облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері, облыстық аурухана, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, №7 қалалық емхана қолдау танытты.

Диас СҰЛТАНОВ,
«Атырау облыстық кәсіподақтар орталығы»
аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз