rprprprp

«Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы»

Рухани жаңғыру

Қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы негізінде ағымдағы жылдың 5 қазан күні Береке ауылындағы «Атамекен» демалыс орнында «Нұр белес» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жастар арасында «Ұлттық құндылық –ұлт қазынасы» тақырыбында байқау өткізілді.

Байқауға Атырау қаласынан, Еркінқала, Қайыршақты және Алмалы ауылдық округтерінің 14-29 жас аралығындағы  ұлдар мен қыздар командаларынан тұратын 8 команда  қатысты.   

Байқау шарты ойынша ұлдар командасы 5 кезеңнен ( өз- өздерін таныстыру, киіз үй жабдықтарын жатқа айту, кір тасын көтеру, асық ату, арқан тартыс), қыздар командасы 5 кезеңнен ( өз- өздерін таныстыру, қазақша ет асу, құрақ көрпе тігу, ұлттық салт- дәстүрлерге байланысты парақшалардағы сұрақтарға жауап беру және домбырамен күй шерту немесе терме айту) сынға түсті.

Қыздар командасы өз қолдарымен қазанға от жағып, ет асты, еттің қамырын сол жерде өздері жайды. Әділқазыларға табақ тартар кезде асылған еттерінің мүшелерін, оларды қандай сыйлы қонаққа беретіндерімен таныстырды. Сол сияқты ұлттық қолданбалы өнер – түрлі қиық маталардан құрақ көрпе тікті.

Ұлдар құрылған киіз үйдегі киіз үй жабдықтарын жатқа айтып, әділқазылардың тосыннан қойған сұрақтарына мүдірместен жауап берді.Жобаның мақсаты – жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау, оны дәріптеу, ұмытылып бара жатқан салт- дәстүрлерді жаңғырту болса, міндеті – байқауға қатысушылардың білімділігін байқау, оны өз қатарластары арасында кеңінен насихаттау болды және байқау нәтижесі алға қойылған мақсат пен міндетті толығымен орындады.

Байқауға қатысушылардың 90 пайызы байқаудың мақсатын түсініп, қазақтың ұлттық киімдерін киіп шықты.Шара өткізілген орынның санитарлық, эстетикалық талаптарға сай келуі, қатысушыларға берілген түскі және кешкі ас мәзірлерінің дәмді болуы, барлық қатысушыларды бір мезетте  тасымалдау, жеңімпаздардың берілген бағалы сыйлықтарға риза болуы, ұйымдастырушылардың бірдей имидждік киім үлгісін киюлері   сияқты факторлар нәтижеге жетуге оң әсерін тигізді.

Қызмет алушылар үшін жоба ұлттық құндылықтар туралы білім-біліктерін толықтыруға,тек бір күн емес ата-бабамыздың салған сара жолымен салт- дәстүрлерді өз орталарында, отбасыларында ұстауға мүмкіндік алды.  Шараны өткізу барысында санитарлық талаптар сақталды, қатысушылардың бәрі медициналық бетперде киіп, байқау кезеңдері арақашықтықты сақтай отырып, орындалды.

   Байқау қорытындысымен жүлделі 1 орынды ұлдар арасында Қайыршақты ауылдық округі, қыздар арасында Еркінқала ауылдық округтері алды. 2 орын  Алмалы ауылдық округінің ұлдар мен қыздар командаларына бұйырды. 3 орын   Қайыршақты ауылдық округінің қыздар командасы мен Еркінқала ауылдық  округінің ұлдар командасына тиді. Ынталандыру сыйлығына Атырау қаласының ұлдар мен қыздар командасы ие болды.

Байқауға қатысқан барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен, диплом, алғыс хат, гүл шоғымен марапатталды.

prprprprprprprpr
ngege
rparapraprarara
penrparpa
roorlrolorlr

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған