ОРДАЛЫ «ОТПАНТАУ» – АТЫРАУДА

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Тамырлы тарих – Ордалы Отпан» атты көшпелі фотокөрме өткізілді. Онда Маңғыстау өлкесінің ескі Қаратау бойындағы ең биік шоқыларының бірі – Отпантауда орналасқан сәулеттік нысан Адай ата кесенесі жайында мағлұматтар бар.

 

Көшпелі фотокөрмені әртүрлі жастағы көрермендер тамашалады. «Отпантау» тарихи танымдық этномәдени кешенінің қызметкері Құралай Ізімбергенованың айтуынша, бұл тау бүкіл қазақ халқының тәу етер қасиетті мекеніне айналған. Киелі жерді көруге келетін туристер саны күн сайын өсіп отыр.

«Көшпелі көрмемен алғаш Атырау облысына келдік. Жылжымалы экспозиция мақсаты жалпы қазақылық дәстүр, ұлттық салт-сана, бабалардан жалғасқан рухтық, патриоттық сезімді нығайту, ұрпаққа жеткізу. Мұражай қызметкерлерімен тәжірибе алмасып, алға қарай бірлесіп тарихи тұлғаларды насихаттайтын жобаларды қолға алмақпыз. Ежелден Каспий теңізін жағалай орналасқан халықтың тарихы бір-бірімен етене байланысты. Қазақ жері тек материалдық құндылықтарға ғана мол емес, сонымен қатар, рухани мәдениетіміз бен байлығымыз да көп екенін ұмытпауымыз керек», – дейді Құралай Абдоллақызы.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА.      

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз