НЕСИЕ РӘСІМДЕУ ДЕ – НҰСҚАУМЕН

Рухани жаңғыру

– Мен қаржы саласында көп жыл қызмет жасадым. Бүгінде байқағаным, «БТА» секілді екінші деңгейлі банктер несие сұраушылардан алты айлық жалақы анықтамасын сұрамайды. Қызымның желтоқсан айындағы табысы қаңтарда берілген соң, алтыншы ай есепке алынбады. Меніңше, бұл – банк тарапынан жіберіліп отырған өрескел қателік. Бұған дейін орташа 98 мың теңге жалақымен қызым несиені үш жылға алып жүрді. Қазір ол 149 мың теңге табыс табады, бірақ несие бес жылға беріліп отыр. Үш жылдық мерзімге қарсылық танытып отырған банк бүгінде тұтынушылардан бес жылға қолхат жаздырып алуды әдетке айналдырған. Енді 700 мың емес, 900 мың теңге сыйақы төлемекпіз. Қалай болғанда да, уақытында алатын жеткілікті жалақысы бар жеке тұлғаның осыншама мөлшерде сыйақы төлеуі әділетсіз, – дейді ол.

Бұл сауалға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Атырау филиалы қаржылық ұйымдарды бақылау және тұтынушылар құқығын қорғау бөлімінің басшысы Асланбек Қабесов жауап береді: – Әр ұйымның өзінің ұстанатын ішкі саясаты бойынша несиенің берілетін де, берілмейтін де жағдайлары болады. Бұны арнайы комиссия шешеді. Сондықтан, мемлекеттік органдардың екінші деңгейлі банк жұмысына тікелей араласуына тыйым салынған. Бірақ, несие алушы оның тарихына қатысты барлық ақпаратты ұлттық банк бөлімшесіне келіп немесе электронды түрде кідіріссіз ала алады. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған