Құнды аудармалар – қазынамыз

1524457441 article b 1500 Қоғам

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының алға қойған міндеттерінің нәтижесінде қолға алынған «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасының жүзеге аса бастағаны игілікті іс, оң бастама деп есептеймін.

1524457441_article_b_1500_

Барша қазақстандықтар үшін қолжетімді болып отырған әлемдегі ең үздік университеттердің таңдаулы оқулықтары – ел болашағы үшін аса маңызды. Биыл аударылған 18 жаңа оқулық экономика, тарих, тіл білімі, жалпы әлеуметтік және гуманитарлық салаларды қамтыды. Осы әлемдік білімнің інжу-маржандарын мемлекеттік тілде оқып-білу жастардың ана тілінде ойлап, қағазға түсіруде жетіле түсуіне себін тигізеді деп санаймын.

Осы аударылған кітаптардың арасындағы Греегори Мэнкьюдің «Экономикс» деп аталатын кітабын Гарвард университетінің студенттерін оқытуда пайдаланады екен. Бұл оқу орыны әлемнің ең үздік университеттерінің бірі десек, қазақстандықтардың осы кітапты оқуы олардың экономика туралы  білімін одан әрі жетілдіруіне үлкен мүмкіндік туғызады.

Сонымен қоса, Томас Гриф­­финнің «Менеджмент» оқу­лы­ғының қазақ тіліне аударылуы – қа­зіргі кездегі жасалған маңызды қадамдардың бірі. Бұған дейін біз менеджмент сала­сында түрлі оқулықтарды қолданып келеміз. Атап айтқанда, Майкл Мэсконның «Менеджмент негіз­дерін» және Стивен Робинс пен Мэри Коултердің «Менеджментін», Ричард Дафтың оқулығын орыс ті­лінде оқып келдік. Ал, мына кітап­т­ың басты ерекшелігі – орыс тілінде жа­рық көрмегені. Бұл оқулықтың ең үлкен артық­шы­лығы – теориядан бөлек, шет мемлекеттердегі орта, шағын, ірі кә­сіпорындардағы басқару тәсіл­дерінің нақты компанияларда қа­лай қолданылғаны, сол арқылы қан­дай жетістіктерге қол жет­кізіл­гені нақты кейстар түрінде кел­ті­ріл­ген. Әр тараудың соңында талқылау сұр­ақтары, тапсырмалар беріледі және ол тапсырмаларды орындау үшін қандай материалдарға жүгіну керек екені сілтемемен көрсетіледі. Сонымен қоса, менеджменттің дәстүрлі, қазір­гі заманғы тәсілдері мен амалдары көр­сетілген. Жаңа технология­лар­дағы өзгерістерді қалай пайдалану ке­рек екені де айтылады. Ең қызы­ғы, оқулықта компаниялардың жә­не табысты адамдардың қол жет­кен табыстары ғана емес, қалай қа­телескені туралы да айтылады. Бұл кітап со­нысымен де тартымды, қолайлы. Ал­ғашқы тарауының өзі «Адаса жү­ріп жол табу» деп басталады, яғни, сал­ған жерден басқару, менеджмент – өрлеу мен құлаудың алма-ке­зек ауысып отыруы екенін терең түсіндіреді.

Өзім, бұған қоса,  Карен Армстронгтың «Құдайтану баяны» кітабымен танысып шықтым. Аударылу тілі түсінікті, тақырыптары қызықты. Осы кітаптан көптеген маңызды деректермен танысуға болады. Бұл – ғылыми-танымдық тұрғыда жазылған әлемдік деңгейдегі іргелі еңбек. Алдағы уақытта осы кітап  еліміздің жоғарғы білім ордаларының оқу бағдарламасына енгізіледі деп күтілуде.

Орынтай БИМАНОВА,

Атырау өңірлік «Рухани жаңғыру»

жобалық кеңсесінің бас менеджері.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз