МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫ ЖАҢА КІТАПТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

whatsapp image 2021 09 20 at 16.30.02 Рухани жаңғыру

Атырау қаласы Ақсай елді мекеніндегі N25 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің кітапханасы әдеби шығармалармен толықты. 

 «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының ұжымы халықаралық Отбасы күніне орай республика көлемінде ұйымдастырылған «Ауылыма кітап» акциясына белсене қатысып, елдімекен мектебіне қайырымдылық жасады. Қызметкерлердің қаражатына сатып алынған кітаптарды филиал инженері Сымбат Қанатова кітапхана қызметкеріне табыстады. 

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі» деген болатын. Біздің мақсатымыз – өскелең ұрпақты кітап оқуға шақыру, қазақ және әлем әдебиетімен танысып, біліммен сусындауға мүмкіндік жасау еді.  Білім ордасының кітапханасына классик ақын-жазушылардың туындылары жәнее Махамбет Өтемісұлының өлеңдері мен атыраулық драматург Р.Отарбаевтың таңдамалылары тарту етілді. Сонымен қатар, жергілікті журналист Н.Шильманның өлке тарихынан сыр шертетін «Старый город» деректі кітабы да бар», деген С.Қанатова жаңа туындыларды таңдау кезінде Атыраудың тарихы, талантты тұлғаларына ерекше мән берілгенін айтты. Кітапты ықыласпен қабылдаған мектеп басшысы, кітапхана қызметкері алғыс айтты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз