Мәселен, жуырда «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Айболат Ғабдуллин бастаған мекеме қызметкерлері мен бір топ партия мүшесі «Дина» сауда орнындағы қайырымдылық көрсету орталығына жаңа және киілген, таза киім-кешектерді табыстаған еді. Бұл игілікті іс жалғасын тауып, Жаңа жыл мерекесіне орай да көп балалы және аз қамтылған отбасыларға Атырау қаласы тұрғындарынан жинақталған киім-кешектерді таратты.
«Бүгін балаларымның қуанышында шек жоқ. Әдемі, әрі жылы киімдерін алып, жаңажылдық керемет кештің куәсі болды. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз», – дейді көп балалы ана Гүлмира Отарова.
Ал, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы Дулат Хамзин алдағы уақытта орталықтың атқаратын қызметіне сәйкес, мейірімді жандардың орталыққа табыстаған киім-кешектерін жинақтап, жағдайы төмен отбасыларға тарату шаралары жалғасын табатынын айтады.
Р.ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ.