ҚОШ БОЛ, ӘБІШ АҒА!

Бүгін қазақ әдебиеті, қазақ халқы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлынан айырылды.

Әбіш Кекілбайұлы – парасаттылығымен қалың оқырманның ойынан шығатын шыншыл шығармалар жазып, философиялық ой иірімдерімен тарихымызды тереңнен толғай білген талантты жазушы.

Қай қоғамда да өзінің ой өрнегімен ортаға ой тастаған, салиқалы сөзімен тоқтам айтқан, Қазақстанның 24 жылдық тәуелсіздік жылдарында мемлекетіміздің қалыптасуына сүбелі үлес қосқан аса дарынды тұлға болды.

Әбіш Кекілбайұлының азаматтық позициясы – қашанда анық және айқын адалдықта жатыр. Ел сыйлаған азаматтар арасында абыройы асқақ, беделі биік тұратын.

Артында қалған шығармалары халқымыздың тарихы мен мәдениетіне қосқан қайталанбас құнды қазына деп білемін.

Жаныңыз жаннатта, иманыңыз жолдас, топырағыңыз тор-қа болсын, ардақты Әбіш аға!

 

Атырау облысының әкімі

 Б.Ізмұхамбетов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз