Кемел келешек кілті

1507000041 article b 1500 Қоғам

Елбасының қазақ әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлығын еліміз егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет атанғаннан бергі кезеңдегі ең бір ерекше оқиға, аса маңызды тарихи шешім ретінде бағалағанымыз жөн болар еді.

1507000041_article_b_1500_

Бұл – Қазақ елінің рухани жаңғыруындағы жаңа қадамы. Жарлықта атап көрсетілгеніндей, латын қарпіне негізделген қазақ тілі әліпбиінің бекітілуі, осы мәселе жөнінде ұлттық комиссияның құрылуы, 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңмен көшуінің қамтамасыз етілуі, өзге де ұйымдастырушылық және заңдық  сипаттағы қаулының қабылданып, жүзеге асырылуы көптің көңілінен шығып, көкейіне қонатын игілікті шара екені даусыз. Түбі бір түркітілдес халықтардың бәрі дерлік қолданып отырған жазу үлгісіне көшсек, біріншіден, өзара ақпарат алмасу жеңілдей түседі, екіншіден, жаһандық өркениетке қарай даңғыл жол ашылады.

Статистикалық деректерге жүгінсек, бүгінгі таңда дүние жүзіндегі 220-ға жуық дербес мемлекеттің басым көпшілігі, яғни 4,5 млрд. адам латын қарпін қолданады екен. Кейінгі кездері Қытай, Жапония тәрізді дамыған елдердің өзі барлық жарнама агенттіктерінің ақпараттық мәтіндерін латыншаға ауыстырған. Осының өзінен-ақ латын графикасының маңыздылығы мен қажеттілігін аңғару қиын емес.

Бір сөзбен түйіндегенде, әліпби өзгерту – тәуелсіздіктен кейінгі аса маңызды рухани-гуманитарлық қажеттілік, өркениетке бастайтын өнегелі қадам, қазақ әлемін делдалсыз-ақ  дүниежүзілік аренаға шығаратын зор мүмкіндік. Келешекке өркениет жолымен дамуымыздың кілті де латын әліпбиіне байланысты болары жасырын емес.

Нұрлыбек ОЖАЕВ,

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз