ЕҢ АЛҒАШ «ӘЛІППЕНІ» ЖАТТАТҚЫЗҒАН…

«Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, еліміздің жас ұрпағын азаматтық парасаты биік, рухани-адамгершілік ұстанымы берік тұлға ретінде қалыптастыруда өз ісінің шебері – ұстаз еңбегіне баға жетпейді. Соның ішінде ең алғаш қолға қалам ұстатып, әріп танытатын бастауыш сынып мұғалімінің орны тіптен ерекше. Осы орайда Мұхтар Әуезов атындағы №7 орта мектептің 1 «ә» сынып жетекшісі Райна Меңдіғалиқызының еңбегі ерен екенін атап айтуға болады.

Жуырда Райна ұстаз өз шәкірттерінің жыл бойғы білімін таразылап, «Әліппемен қоштасу» шарасын өткізді. Сондағы балдырғандарымыздың тақпақ айтып сайрап тұрғанын, қатесіз жазу жазғанын көріп, біз айрықша толқыдық. Күні кеше ғана кітап дегеннің не екенін білмеген құйттай өрендердің бас-аяғы бір оқу жылы ішінде осылайша сауат ашқандығы – сөз жоқ, мұғалімнің жанкешті еңбегінің жемісі. Сондықтан да, біз ата-аналар атынан Райна Меңдіғалиқызына сіздің тәрбиелеп, оқытып отырған шәкірттеріңіз жаңаша заман талабына сай білім алып, биіктерден көріне берсе деп тілейміз. Ал, өзіңіз шығармашылық шабытпен еңбек етіп, әрбір күніңіз қуаныш-берекеге тола берсін.

Аида ОРЫНБАСАРОВА,
Атырау қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз