Атыраулық жас аналарға «Перзент» атты жинақ табысталды

whatsapp image 2021 09 22 at 21.00.28 Рухани жаңғыру

«Перзент» жинағының авторы – Ержан Жақсылықұлы. Ол ел-жұртқа, оның ішінде атыраулықтарға қайырымдылық жасап, кәсіпкерлігімен танылған, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге көп еңбек сіңірген. Көзі тірісінде қазақы ырым-тыйымдарды жинақтап, кітап етіп жазып отырған. «Перзент» жинағы – соның бірі. 

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай меценаттың жұбайы Алмагүл Кенженбетова «Перзент» жинағын жас аналарға тарту етті. Кітапшада аналарға арналған ырым-тыйымдар, сәбиге жасалатын жоралғылар кеңінен қамтылған. Аңыз, әңгімелер де топтастырылған. 

whatsapp image 2021 09 22 at 21.03.21

 Ержан Жақсылықұлы Атырау облысы, Доссор кентінде дүниеге келген. Жастайыннан өнер, білімге құмартып өскен ол туған жерінің гүлденуі жолында бар күш-жігерін аямайды. Қысқа ғұмырында көптеген істердің ұйытқысы болып, артына айтарлықтай игіліктер қалдырды. Атап айтқанда, Доссор кентінің кіре берісінде өзі еккен талдары бүгін де жайқалған баққа айналса, ағылшын тіліне баулып оқытқан ауыл балалары түрлі салада шетелдік компанияларда табысты қызмет етуде. Білім, спорт саласына сіңірген еңбегін айта берсек ұшан-теңіз.

Атырау облыстық перинаталдық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Альмира Сабырғалиева аталған жинақтың бүгінгі жас аналарға тәрбие, ұлттық құндылықтар туралы көбірек білуіне септігін тигізеді десе, Ержан Жақсылықұлының досы Әділет Қапанов та кәсіпкердің ұлттық құндылықтарды жанындай жақсы көріп жан-жақты дәріптегеніне тоқталды. «Досымыздың жазып қалдырған мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізу, табыстау – біздің міндетіміз», дейді ол. 

Алғашқы болып кітапты алған ана – құрманғазылық Гүлден Борашева. Ол алтыншы сәбиін босанып, үйіне шығып жатыр. «Кітап қашанда артық етпейді, әсіресе, қазіргідей ырым-тыйымдар ұмытылып бара жатқан кезеңде жинақтың аналарға көмекші құрал болары анық, дейді Г.Борашева. 

whatsapp image 2021 09 22 at 21.03.42
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз