Атырауда өткен республикалық ақындар айтысының жеңімпазы анықталды (+ФОТО)

img 20201121 wa0034 Жаңалықтар

Бүгін Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Жазушылар одағы Атырау облыстық филиалы ұйымдастырған «Қалың елім, қазағым!» атты республикалық ақындар айтысы мәреге жетті.

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өткен ақтық кезеңде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар анықталды. КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, театр және кино актері Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасы өз шешімін шығарды.

Нәтижесінде, Бас жүлдені павлодарлық ақын Рауан Қайдаров жеңіп алды. Ал, түркістандық Еркебұлан Қайназар бірінші, алматылық Рүстем Қайыртайұлы мен атыраулық Шалқарбай Ізбасаров екінші және семейлік Әсем Ережеқызы, түркістандық Алтынгүл Қасымбекова мен қызылордалық Нұрмат Мансұров үшінші орын иеленді.

Сондай-ақ, Махамбет ауданынан Серік Қойшығұлов, индерлік ақын Жәнібек Садыров және жылойлық Сырымбек Сәрсенбаевқа арнайы жүлделер табысталды.

Айта кетейік, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған екі күндік жыр додасында еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан 24 ақын бақ сынаған болатын.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

img 20201121 wa0033
img 20201121 wa0032
img 20201121 wa0048
img 20201121 wa0034 1
img 20201121 wa0049
img 20201121 wa0039
img 20201121 wa0036
img 20201121 wa0035
img 20201121 wa0042
img 20201121 wa0043
img 20201121 wa0044
img 20201121 wa0045
img 20201121 wa0046
img 20201121 wa0047
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз