АНТҚА АДАЛДЫҚ

Осы жасымызға шейін талай азаматпен қызметтес болып, солардың кісілік ісіне куә болдық. Мен Балықшы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет атқарған Хисма Сұлтанов, ұзақ жыл осы ауданда хатшы болған Орынғали Қарасаев ағаларымыздың азаматтығы мен жақсылығын көре қалдым.

 

Ұмытпасам, 2008 жыл, жүрегім сыр беріп, қалалық ауруханаға түстім. Жаныма өрімдей жас қыз бала келіп, мән-жайымды сұрастыра бастады. Мен одан: «Кімсің өзің, медбикемісің?» деп сұрасам, ол кардиолог-дәрігер екенін айтты.

– Біз ант бердік қой, ата, ауру адамның ұлтына, тегіне, жынысына, жасына қарамай емдеуіміз керек, – дегені. Қандай тауып айтылған сөз десеңші. Осы сәт мен оған аталық ақ батамды беріп, басына амандық, еңбегіне табыс, өміріне бақыт тіледім.

Араға бес жыл салып, 2013 жылы ауруханаға тағы да емделуге түссем, сол баяғы кардиолог-дәрігер қызым Мира Мизамғалиева тұрмыс құрып, сәбилі болыпты. Мамандардың бәрі осы Мира қызымыздай болса, ауру-сырқаудан тезірек айығып кетеміз-ау деймін. Дегеніңе жет, Миражан, шаңырағың шаттыққа толсын!

Ғилым МЕҢДІҒАЛИЕВ, тыл ардагері, Курилкино ауылы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз