Ақтаңдақтарды аршитын атаулар

   Тарих қатпарларына бойлай түсіп, байыппен зерделесек, Еділ-Жайық арасындағы жұрттың басынан өткен дүбірлі оқиғалар жаңғырығы көз алдымызға елес береді. Шынында да, ғасырлар бойы халқымыздың басынан не өтпеді, барынан айырылып, басар жерін таба алмай күңіренген, көзден жас орнына қан аққан, зар илеген кез көп болды.
   Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бергі шақта өрелі өзгерістер өркен жайды. «Еуразияда үстемдік құрған көшпенділердің жер кіндігіне айналған атырабымызда айдарынан жел ескен, айбарынан әлем дірілдеген Алтын Орданың Сарай-бату мен Сарайшық қалаларында сайран салған нар заманнан із қалмауы мүмкін бе?» деген ой үнемі маза бермейді. Болмашы ұшқынды үрлеп-үрлеп жалындатуға ұмтылдық. Ұлттық рухымыз оянып, санамыз сілкінді. Осы тұрғыдан алғанда, мені бір толғандырған жай – ұлы даламыздың көненің көзіндей бағзыда иеленген атауларының әлі де өзгермей сақталғандығы . Сол арқылы озған дәуірдің оқиғаларын көз алдымызға әкелеміз. Болған оқиғалардың сұлбасына негізделген, әсерлеп айтылатын аңыз-дастандарға ұйыдық. Ғасырлар тізбегіндегі сан қилы хикаяттарды көтеріп, атауын өзгертуге жасалған қиянатқа бой алдырмай, еркіндік пен тәуелсіздігімізге дейін жеткен «Ақжонас», «Бесоба», «Тасоба», «Герей ашығы», «Домбауыл», «Қасым таулары» атаулары – ата-баба аманаты.

Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз