Жемқорлықты жоюдың тиімді тәсілдері

foundations online training 2 Қоғам

Atr.kz/27 қазан, 2020 жыл. Атырау қаласы бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негіздері» тақырыбында онлайн тренинг өтті.

Оған үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері бастаған қырықтан астам адам қатысты. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негіздері» тренингі үш бағыт бойынша өтті.  Атап айтқанда, интерактивті карта, жобалық менеджмент және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат.

«Жастарды әлеуметтік және тұрақты дамыту» Қоғамдық Қорының Командасы

735ce338 4b38 4cab 8cf1 d5ee3255ae0c

Аптаның алғашқы күні университетімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Серіктестік департаменті директоры Расул Медетовтың қатысуымен «ЖОО-да сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жұмыстары» тақырыбында кездесу өтті.

Жиынды университет ректоры Саламат Нұрмұханұлы ашып, өз сөзінде университет аясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы баяндады.

Атырау облысына арналған іс сапардың нақты мақсаты өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды байқау, соның ішінде мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп, жаңа жаңалықтармен таныстырып, көкейде жүрген сұрақтарға жауап беру, тиімді ұсыныстарды агенттік басшылығына жеткізу болып табылады.

Өз баяндамасында Расул Махмұдұлы «Елімізде республика бойынша 10 айдың ішінде 2140 қылмыстық іс қозғалды. Сыбайлас жемқорлықтың өршуі мемлекетіміздің экономикалық дамуына, медицина саласына сондай ақ, білім беру жүйесіне әсерін тигізуде. Жемқорлықтың пайда болуына жалақының аздығы әсер етуде деген пікір қалыптасқан. Осы ретте келесі жылдан бастап мемлекеттік қызыметкерлердің жалақысы 2 есе көтеру жоспарланып отыр. Жалақының өсуі белгілі бір дәрежеде жемқорлықтың алдын алады»– дейді.

Расул Махмұдұлы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жолдарын кесу, сыйлық алуды тыю, жемқорлықпен күресті әркім өзінен бастау керектігін сөзге тиек етті.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз еті, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын-алу, олардың жолын кесу және ашу болып табылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз