Жарнама
Құқық

Жас құтқарушылар ант қабылдады

Жуырда Жеңіс саябағында облыстық төтенше жағдайлар департаментіндегі жас қызметкерлер үшін ерекше күн өтті. Іс-шараға департамент бастығы, полковник Нұрлан Жаңабаев, ардагерлер, жеке құрам және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.


Жас құтқарушылар Қазақстан халқына және мемлекетіне адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді. Барлығы 22 жас маман азаматтық қорғау органдары қатарына ресми түрде қабылданып, кәсіби қызмет жолындағы алғашқы қадамдарын жасады.


Қатарға қосылған жас қызметкерлерді құттықтаған полковник Нұрлан Мақсотұлы оларға абыройлы қызмет тіледі, елге адал қызмет етудегі жауапкершілігін атап өтті. Сондай-ақ, ардагер Сейітжан Дүйсекенов пен жас қызметкер, азаматтық қорғау кіші сержанты Райымбек Молдағалиев өз тілектерін білдірді. Мерекелік шеруге ұласқан салтанатты шара жас мамандардың есінде мәңгілік қалары анық.


Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button