Жалған ақпарат таратқан азамат бес жылға сотталды

405390 Құқық

Жалған ақпарат таратқан атыраулық азамат, бес жыл бас бостандығынан айырылды.

405390

Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2017 жылдың қыркүйек айында атыраулық тұрғын ауыр дене жарақатын алып, шын мәнінде оған залал келтірген  танысы болса да, жарақатының себебін өздігінен құлаудың нәтижесінде болған деп көрсеткен. Яғни, жәбірленуші танысын қылмыстық жауапкершіліктен құтқару мақсатында сотта да және сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жалған айғақтар берген.

– Іс бойынша жинақталған құжаттарға және зерттелген дәлелдемелер жиынтығына баға бере отырып, сот алдын – ала тергеу орнымен сотталушының қылмыстық әрекеттері ҚК-нің 420-бабының 2-бөлігімен дұрыс сараланған деп есептейді. Себебі, ол сотта және сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жәбірленуші ретінде ауыр қылмыс туралы іс бойынша көрінеу жалған айғақтар берген, – делінген хабарламада.

Сот үкімімен атыраулық тұрғын Қазақстан Республикасының ҚК-нің 420-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған ҚК-нің 63-бабы негізінде шартты түрде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз