Жарнама
Құқық

Тұрақтылық пен дамудың кепілі

Қоғамдағы тәртіп пен заңға құрмет – мемлекеттің мызғымас негізі. Егер қоғамда тәртіп орнаса, онда әділдік те, сенім де, бірлік те қалыптасады. Осы орайда тәртіп мәселесінің өзектілігін Президент те биылғы Жолдауында ерекше атап өтті. Ол «Заң және тәртіп – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры» деп бекер айтқан жоқ. Бұл – елдің тұрақтылығын қамтамасыз ететін басты қағида.

Өкінішке қарай, бүгінде адамдар арасындағы мәдениетті қарым-қатынас әлсіреп бара жатқандай. Кейде қоғамда дөрекі сөйлеп, дау шығаратын, тіпті қоғамдық тәртіпті бұзатын жайттар кездеседі. Осындай әрекеттер еліміздің имиджіне де, рухани болмысына да нұқсан келтіреді. Сондықтан әр азамат ең алдымен өзінен бастауы керек – тәртіпті сақтау, өзгені сыйлау, ел алдындағы жауапкершілікті сезіну.

Президенттің айтқанындай, құқық бұзушылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Заңды сыйлау – Отанды сыйлау. Әркім өз ісінде адал болса, қоғамда әділдік орнайды. Сол кезде ғана ел ішінде тыныштық пен өзара сенім күшейеді.

Бүгінгі жас буын үшін патриотизмнің жаңа өлшемі – жаңашылдық пен жасампаздық. Елге пайда әкелу, пайдалы іс бастау, жаңа идея ұсыну – бұл да тәртіп пен жауапкершіліктің белгісі. Біз заңға бағынған, мәдениетті, білімді ұлт болуға ұмтылуымыз керек.

Тәртіп орнаған жерде даму бар. Сол себепті әрбір жас елдің тұрақтылығы мен тыныштығын сақтауға үлес қосуы тиіс. Тәртіпті сақтау – бұл тек міндет емес, нағыз азаматтық ұстаным. Ал ондай ұстанымы бар елдің болашағы да берік, келешегі де нұрлы болады.

Диана ІЗБАСАРОВА,
жас ақын
Жылыой ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button