
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ міндет
Атыраудағы Абай орталығында бизнес өкілдері мен мемлекеттік қызметшілерді біріктірген құқықтық-ақпараттық конференция ұйымдастырылды. Жиынның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді шараларды талқылау және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау.

Пленарлық мәжілісті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрлан Еркебаев ашып, жүргізді. Конференция барысында департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Гауһар Жарасова, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Нұрдәулет Жұмасейітов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері өз баяндамаларын жеткізді.

Қатысушылар «Алаяқтықтан қорғану шаралары», «Кірістер мен активтер мәселесі», «Мемлекеттік сатып алу заңнамасы» сияқты өзекті тақырыптарды талқылады. Жиын соңында жемқорлық – қоғам үшін қауіпті індет екені, онымен күресу әр азамат пен кәсіпкердің міндеті екені атап өтілді.

Дәулетқали АРУЕВ
Суреттерді түсірген автор



