Сот қызметкерлері Мұқағали ақынның өлеңдерін оқыды

4e050371 a838 4794 980e c840cdda44f1 Құқық


Бүгін Атырау облыстық сотында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Қазақстан Республикасы Cудьялар одағының 25 жылдығы, қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай Атырау облысы соттарының мамандары арасында ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды.

Іс-шараға Атырау облыстық сотының төрағасы Бауыржан Жұмағұлов, Атырау облыстық сотының судьясы Сағат Хасан, Судьялар одағы Атырау филиалының төрағасы Жасұлан Жақсылық, Атырау облысының  судьялары мен сот қызметкерлері, жерлес ақын, аудармашы, Қазақстан  Жазушылар  Одағының  мүшесі,  Махамбет  сыйлығының  иегері  Әлия  Дәулетбаева, БАҚ өкілдері қатысты.

7d54b3a8 bbe9 44f2 bc75 cce1efddf0de

Атырау облыстық сотының төрағасы Бауыржан Жұмағұлов қазақтың біртуар ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы мерейтойы республика деңгейінде атап өтілгеніне тоқталып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

68b0489d 1ebb 436f a494 d855143857c0

-М.Мақатаев бүкіл арда алаштың барлығына ортақ ақиық ақын. Қара өлеңнің қасиетін ұғынған Мұқағали мұрасы – мәңгілік қазақ жырының мұрасы. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында ақын сан ғасырға азық боларлық мол қазына қалдырған. Сол аманатты адал арқалап, келешек буынға жеткізу бүгінгі ұрпақтың міндеті,- деді Б.Жұмағұлов.  

Сайысқа қатысуға 16 сот қызметкері ниет білдірген. Үміткерлер ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу, оның өмірі мен тағдыры, шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беру, соттар арасында ақынның өмір жолын баяндайтын көрініс қою бойынша бақтарын сынады.

Алғашқы екі сайыс қорытындысы бойынша Бас жүлдені Атырау қалалық сотының маманы Айгерім Шаматова жеңіп алды.

Сондай-ақ, I орынды Атырау қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының маманы Нұрлы Бөлекбаева, II орынды Атырау облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының маманы Эльвира Шатенова, III орынды Атырау  қаласының  №2  сотының  маманы Айсұлу Мәжит иеленді.

Үшінші сайыс қорытындысы бойынша I орынды Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ұжымы, II орынды Атырау қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ұжымы, III орынды Атырау қалалық соты иеленді.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз