Жарнама
Құқық

Шекара шебіне аттанды

Өткен сенбі күні жас сарбаздар облыстағы шекара қызметінде Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Әскерге шығарып салу салтанатына ата-аналар, офицерлер мен ардагерлер қатысты.

d640018f 62f2 4420 82c9 4a368f84593c

Шарада дәстүр бойынша Мемлекеттік Ту әкелініп, Гимн шырқалды. Көк байрақтың желбіреп, елдік рухты көтерген сәтінде көпшіліктің жүрегін мақтаныш сезімі кернеді. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы, полковник Эльдар Шынғалиев сарбаздарға сәт сапар тілеп, олардың әскердегі жауапты міндетін атап өтті.

674e88fd 0e96 4d30 b78b f7b00f6585a1


– Жалпы, әскерге шығарып салу бір күндік рәсім ғана емес, ол елдің болашағына сенім, бейбіт күннің кепілі дер едім. Әскерге бару әр ер-азаматтың абыройлы парызы. Бұл жолға шыққан сіздер ел тыныштығы мен мемлекеттің тұтастығын қорғауға ант етесіздер. Әрқайсыңыз ата-баба аманатына адал болып, ел қорғаны боласыздар деп үміттенеміз. Сапарларыңыз сәтті болсын! — деді ол.

ffea6835 0b55 4579 bf8a f5d0c989a708

Салтанатты жиын барысында қорғаныс ісіне үлес қосқан бір топ қызметкер марапатталды. Сонымен бірге, ұлдарын елге адал қызмет етуге тәрбиелеген аналарға алғыс хаттар табысталды. Бұл әскерге шығарып салу рәсімінің отбасылық, рухани маңызын айқындай түсті.
Жиынға қатысқан облыс әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі, полковник Руслан Ниеталиев, «Айбын» әскери-патриоттық орталығының төрағасы Қанат Қадырқұлов және Атырау облысы бойынша шекара қызметі департаментінің бастығы, полковник Дулат Есенжаров та сарбаздарға жүрекжарды тілектерін жеткізді. Олар «Адам болу – қасиет, азамат болу – міндет, патриот болу – парыз» деген Бауыржан Момышұлының өсиеті әрбір жас сарбаздың ұранына айналуы тиіс екенін атап өтті.
Аналар да ақ тілектерін арнап, ұлдарының өздері де туған жердің намысын қорғауға дайын екендіктерін білдірді.
Салтанатты рәсім концерттік бағдарламаға ұласып, патриоттық әндер мен ұлттық билер орындалды. «Алаш айбары», «Атамекен» сынды жүректі тербеткен әндер жас буынның рухын көтеріп, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырды.

Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button