Жарнама
Құқық

Қазақстанда полицияға жұмысқа орналасу толық онлайн форматқа ауысты

Ішкі істер министрлігі “Qyzmet-Police.kz” атты жаңа цифрлық платформаны іске қосты. Енді азаматтар полиция қызметіне үйден шықпай, кезексіз және артық қағазбастылықсыз өтінім бере алады.

Жүйе еліміздің барлық өңіріндегі бос жұмыс орындарын біріктіріп, үміткерлерге қала, бөлімше және қызмет түрін еркін таңдауға мүмкіндік береді.

Платформаның негізгі мүмкіндіктеріне тоқталсақ, мұнда құжаттарды бір рет жүктеу жеткілікті. Кадр бөліміне барудың қажеті жоқ. Іріктеу автоматтандырылған. Барлық қадам цифрлық түрде тіркеліп, ашықтық қамтамасыз етіледі. Бұл — сыбайлас жемқорлық тәуекелін барынша төмендетеді.

Министрлік жаңа жүйе кәсіби кадрларды әділ іріктеуге жол ашатынын атап өтті.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button