Жарнама
Құқық

“Қауіпсіз жол”: 6 700 құқықбұзушылық анықталды

Өңірде 15-30 қыркүйек аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық акциясы өтті. Мақсаты — жол көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Айбек Алимов баспасөз брифингінде мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Акция нәтижесінде 6700-ден астам құқықбұзушылық тіркеліп, 300 көлік арнайы тұраққа қойылып, 108 көліктің мемлекеттік нөмірі алынған.

–Акция кезінде апаттық қауіпті учаскелерде жол қозғалысын қадағалау, көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын белгіленген тәртіпке сай сақтау және қала сыртындағы тас жолдарда жүргізушілерге жол жағдайын ескерту жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. Осы аралықта мас күйде көлік жүргізген 43, қарсы бағытқа шыққан 97, апаттық жағдай туғызған 46, жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған 194, ұялы телефон қолданған 252, қауіпсіздік белдігін тақпаған 1218 жүргізуші анықталды, — деді А.Алимов.

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық акциясы барысында облыстың 400-ге жуық экипаж мүшесі күшейтілген режимде жұмыс істеді. Бұдан бөлек қауіпсіздікті күшейту мақсатында республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдарда 5 жасырын патруль мен әуе дрондары қолданылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button