Жарнама
Құқық

Прокуратура күні Атырауда ерекше форматта аталып өтті

Бүгін — Қазақстан Республикасы Прокуратура күні. Атаулы күнге орай Атырауда айрықша мәні бар салтанатты офицерлік бал ұйымдастырылды. Әділдік пен заңдылықты ту еткен орган қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған шара мазмұнымен де, тағылымымен де ерекшеленді.

img 3421
Screenshot

Салтанатты кешке прокуратура ардагерлері, жеке құрам мен түрлі бөлімдердің қызметкерлері қатысып, кәсіби бірліктің биік рухын айшықтады. Жиын барысында прокуратура саласының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлердің еңбегі ерекше құрметпен аталды.

img 3423
Screenshot

Мерекелік шарада облыс прокуроры Мадияр Басшыбаев сөз сөйлеп, қоғамдағы құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету жолында аянбай қызмет етіп жүрген мамандардың еңбегіне тоқталды.

– Прокуратура мемлекет пен азамат арасындағы әділдіктің алтын көпірі. Қоғам тыныштығы мен заң үстемдігін қамтамасыз ету жолындағы адал еңбектеріңіз әрдайым құрметке лайық. Өз борышын мінсіз атқаратын кәсіби кадрлар прокуратураның басты тірегі, — деген Мадияр Бекенұлы саланың маңызын атап өтті.

Сондай-ақ облыс прокуроры кәсіби шеберлігімен ерекшеленіп, қызметтік міндеттерін мінсіз атқарған бірқатар қызметкерлерді арнайы марапаттармен ынталандырды. Бұл марапаттар тек еңбектің еленуі ғана емес, құқық қорғау саласына жауапкершілік жүктейтін мәртебе.

Мерекелік офицерлік бал прокуратура қызметкерлеріне тән өр рухты айшықтай түсті. Әсем әуен, рәсімнің салтанатты сипаты және қызметтік беделге құрылған атмосфера шара қатысушыларына ерекше әсер сыйлады.

Қоғамдағы тұрақтылық пен заң үстемдігі прокуратура қызметінің басты мақсаты. Кәсіби мерекеге орай өткен бұл шара да қызметкерлердің патриоттық сезімін, жауапкершілік жүгін терең сезінуіне ықпал ете түсті.

Майра ЕРҒАЛИ


Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button