Жарнама
Құқық

Отанға қызмет ету — ердің ісі

Атырау гарнизонындағы 41433 әскери бөлімінде ел қорғаны болған жүзден астам сарбаз азаматтық борышын абыроймен аяқтап, салтанатты түрде запасқа шығарылды.

7ad43da9 8e9e 4623 8102 f82869b21ffe


Бұл күн әр жауынгердің жүрегінде мәңгі сақталатын ерекше сәт. Себебі Отан алдындағы борышын өтеу ер-азамат үшін ең биік парыз, ұлтқа қызмет етудің шынайы үлгісі.

9b29900b d46c 4cd7 b838 c40a27a84dac


– Әскери қызмет маған қайтпас қайсарлық пен төзімділікті үйретті. Ер жігітке мінез керек екенін ұқтым. Тәуелсіздіктің тірегі болу мен үшін де, қарулас бауырларым үшін де өлшеусіз абырой, — дейді борышын адал өтеген сарбаз Дарын Кейкі.

1ea068b5 b3c5 4046 ac44 a4b9e3156166

Салтанатты сап түзеу сәтінде командирлер сарбаздарға ізгі тілектерін білдіріп, елге аман-есен оралу қайсарлық пен тәртіптің, жауапкершілік пен антына адалдықтың айғағы екенін атап өтті.
Туған ел алдындағы парызын адал өтеген сарбаздар кейінгі буынға өнеге.

19f83539 d942 4cb7 b0e6 641d95c38e58

Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button