ОЙЫН АЛАҢЫНДА БАЛАНЫ ТҰНШЫҚТЫРҒАНЫ КАМЕРАҒА ТҮСІП ҚАЛДЫ

screenshot 20220527 190006 Құқық

ПД мәліметінше, оқиға қала аудандарының біріндегі спорт алаңында болған. Төбелескен балалар небәрі 9 және 10 жаста екен.

«Ювеналды полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасында төбелес болғанын анықтады. 9 жасар бала тұншықтыру салдарынан жерге құлаған. Балалар ата-аналарына ештеңе айтпаған. Ата-аналары төбелес туралы WhatsApp желісінде тараған видеодан білген. Бүгін бұл факт мектептегі жасөспірімдердің ата-аналары, мұғалімдер мен ювеналды полиция қызметкерлері шақырылған профилактикалық кеңесте қаралады», – деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Tengrinews.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз