МЫҢНАН АСТАМ АТЫРАУЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМ ТҮНДЕ НЕ ІСТЕП ЖҮР?

img 20220713 wa0021 Құқық

Атырауда жыл басынан бері түнгі уақытта көшеде жүрген 1200-ге жуық жасөспірім анықталды.

Бұл туралы Атырау қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Ануар Кокалов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында ювеналды полиция қызметкерлері қала аумағында тұрақты негізде профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.

– Жыл басынан бері ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен түнгі уақытта  ата-анасының еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жүрген 1200-ге жуық кәмелетке толмағандар анықталып, олардың ата-аналалары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  442-бабының 2 бөлігімен, яғни кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деді А.Кокалов.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары құқық бұзушылық жасауға бейім кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ өз балаларының тәрбиесімен айналыспайтын ата-аналарды анықтау және есепке қою бойынша жүргізілген рейдтердің нәтижесінде, осы жылдың алты айында 24 кәмелетке толмағандар мен 16 қолайсыз отбасы және олардың 42 жасөспірім балалары басқарманың есебіне алды.

Айта кетейік, жасөспірімдермен жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, Атырау қаласы полиция басқармасы ата-аналарға балаларына мүмкіндігінше көп көңіл бөліп, олардың немен айналысатынын, қандай ортада жүргенін қадағалауын  сұрайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз