Жарнама
Құқық

Мерекедегі мерейлі марапат

Республика күніне орай облыстық төтенше жағдайлар департаментінде салтанатты жиын өтті. Шараны департамент бастығының бірінші орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Әбділда Баякеев құттықтау сөзімен ашып, қатысушыларды мерекемен құттықтады.

chs 1

– Республика күні еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын айшықтайтын ең мәртебелі мерекелердің бірі. Бұл күн әр қазақстандықтың жүрегінде отансүйгіштік пен бірлік сезімін ұялатады. Біз, азаматтық қорғау қызметкерлері, ел тыныштығы мен халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында абыроймен қызмет ете береміз, -деді Әбділда Баякеев.

Мерекелік шарада департамент ұжымына жаңадан қабылданған әкімшілік мемлекеттік қызметкер Дамира Дәурен салтанатты түрде ант қабылдап, азаматтық қорғау саласы қызметкерлерінің қатарына қосылды.

Мереке қарсаңында көп жылғы еңбегі мен адал қызметі үшін азаматтық қорғау органдарының еңбек ардагерлері Сейтжан Дүйсекенов, Омар Бержанов және Жалғасбай Бахитов «Төтенше жағдайлар министрлігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

chs 3

Ал облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының Алғыс хатымен азаматтық қорғау органдарының ардагерлері Еркінбек Мажитов пен Тарғын Қабдрахманов ие болды. Сондай-ақ өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне де құрмет көрсетті. Соның ішінде облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің ұжымын Алғыс хатпен марапаттады.

Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, жоғары кәсіби нәтижелер көрсеткені және азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін бір топ қызметкерлер «Төтенше жағдайлар министрлігіне 30 жыл» және «Төтенше жағдайлар органдарының ардагерлер ұйымына 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтжан Дүйсекенов құттықтау сөз сөйлеп, төтенше жағдайлар саласының бүгінгі жетістіктерінде ардагерлердің тәжірибесі мен өнегесінің зор үлесі бар екенін атап өтті.

chs 2

– Азаматтық қорғау саласында еңбек еткен әр маман ел қауіпсіздігінің тірегі. Біздің міндет жастарға үлгі болып, жауапкершілік пен ерлік дәстүрін жалғастыру. Бірлік пен өзара қолдаудың арқасында ғана біз кез-келген сын-қатерге төтеп береміз, — деді Сейтжан Дүйсекенов.

Сейтжан Қисанұлы «Ардагерлер кеңесі төрағасының Алғыс хатымен» азаматтық қорғау органдарының еңбек ардагерлері Бахытқали Нұрмұхашев, Тасболат Шаденов, Ержан Ғабдулов, Жанат Сисенова және Майра Дүйсенғалиеваны марапаттады.

Сонымен қатар ардагер Абай Сұлтанғалиевке «Ардагер сапта» кітабы табысталды.

Шара соңында қатысушылар мемлекеттік мерекенің ел бірлігі мен тәуелсіздік идеясын ұлықтайтын маңызды мерекелердің бірі екенін атап өтті.

Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button