Мереке күндері қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда
Атырау облысы полиция департаментінде жеке құрамның саптық жиыны өтті. Оған департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Әбдіғани Сейдуалиев қатысып, мереке күндері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты нақты тапсырмалар берді.

– Республика күні еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі. Бұл күндері халық көп жиналатын орындар мен көшелерде қауіпсіздікті сақтау біздің басты міндетіміз. Сондықтан тәртіп сақшылары тәулік бойы күшейтілген қызмет атқарып, тұрғындар мен қала қонақтарының тыныштығын қамтамасыз етеді. Тұрғындарға жайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру үшін барлық шаралар қабылданады, — деді Әбдіғани Сейдуалиев.
Полиция департаментінің хабарлауынша, мереке күндері облыс көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау мен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар ерекше бақылауға алынады.
Майра ЕРҒАЛИ

