Лаңкестікке жол жоқ!

antis1«Терроризмге қарсы тұру» туралы заңның орындалу барысы және лаңкестік сипаттағы оқиғалардың алдын алу. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы департаменті жанындағы Антитеррорлық Орталықтың үйлестіру тобының кезекті отырысында осы мәселелер қаралды.

Лаңкестік қауіп төнуі мүмкін нысандар қаншалықты қорғалуда? Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің қатысуымен өткен отырыста осы мәселе қаралды. Яғни, өндіріс ошақтары, көлік және адамдар көп шоғырланатын орындар, емхана, аурухана сынды өмірлік маңызы зор нысандардың қорғалу деңгейі сөз болды. 
Лаңкестік сипаттағы оқиғалардың аймақта орын алуын болдырмау. Отырыста қаралған екінші мәселе осы болды. ҰҚК Департаментінің баспасөз-қызметі хабарлағанындай, облыс әкімінің тапсырмасымен кәсіпорындар мен ұйым басшыларына нысандарды «Терроризмге қарсы тұру» туралы заң талаптарында көрсетілгендей, қорғаныс, деңгейіне жеткізу жүктелген. «Сондай-ақ, отырыс соңында лаңкестік сипаттағы ал- ғышарттарды жоюдың шаралары жасалды» делінген баспасөз хабарламасында.
Лаңкестік әлемдік деңгейдегі нөмірі бірінші проблемаға айналды. Сондықтан, терактілік оқиғалар қандай күштерге тиімді? Және мұны кімдер, қандай жолмен қаржыландырып отыр деген сауалдар да ұдайы назарда тұруы тиіс.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз