Кәмелет жасқа толмағандарды жұмысқа алған кәсіпкер жазаланды

y shutterstock 95222164 Құқық

Атырауда кәмелет жасына толмағандарды жұмысқа алған кәсіпкерге айыппұл салынды.

y_shutterstock_95222164-727x522

Атырау облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, 2018 жылдың сәуір айында ойын-сауық мекемесінде 2001 жылы және 2002 жылы туылған жасөспірімдер даяшы қызметін атқарған.

Сот қаулысымен жеке кәсіпкер ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 25 255 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз