Исатай-Махамбет алаңында көлікпен тайраңдады (+ВИДЕО)

screenshot 20220825 103319 Құқық

24 тамыз күні сағат 21:51 шамасында Lada Largus автокөлігінің Сәтпаев көшесінде орналасқан Махамбет-Исатай алаңына шығып, көлік басқарған бейнежазбасы әлеуметтік желіде тараған болатын.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде Lada Largus автокөлігінің 1998 ж.т., жүргізушісі анықталды. 24 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 596 бабының 1 бөлімімен (жаяу жүргiншiлер жолдарымен, жол жиектерiмен немесе тротуарлармен жүру), 230 бабының 2 бөлімімен (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу), 590 бабының 9 бөлімімен (Мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару),
630 бабының1 бөлімімен (Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру), 612бабының 1 бөлімімен (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы), 593бабының 2 бөлімімен (Қауiпсiздiк белдігін пайдалану қағидаларын сақтамау), 590бабының 5 бөлімімен (техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлiк құралдарын басқару )
әкімшілік хаттамалар жасақталып, 128 646 мың теңге айыппұл салынып, автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз