Жарнама
Құқық

Интернеттегі таныстық жаңа қылмыс құралына айналды

Алматыда танысу сайты арқылы қызбен кездесуге барған ер адам тонаушылардың құрбаны болды. Оқиға интернеттегі таныстықтың қауіпті жаңа түрін әшкереледі.

Полиция дерегінше, жәбірленуші әлеуметтік желі арқылы бейтаныс қызбен танысып, оны кездесу үшін жалдамалы пәтерге шақырған. Біраз уақыттан кейін пәтерге өзін қыздың “ағалары” деп таныстырған үш ер адам баса-көктеп кіріп, азаматтың ақшасы мен жеке заттарын тартып алып кеткен.

Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілерді анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазір оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.

Мамандардың айтуынша, соңғы уақытта осындай интернет арқылы ұйымдастырылатын қылмыс түрлері жиілеп барады. Әсіресе танысу сайттары мен әлеуметтік желілерде жалған парақшалар арқылы сенімге кіріп, азаматтарды алдап-арбау жиі кездеседі.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Сурет: azattyq-ruhy.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button