Жарнама
Құқық

Екі аптада – 329 құқықбұзушылық

«Бекіре-2025» кең көлемді балық қорғау акциясы басталғалы бергі екі аптадан астам уақыттан бері «Жайық-Каспий» облысаралық балық шаруашылық инспекциясы инспекторлары балық қорғау, құқық қорғау органдары және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметімен бірлесіп, табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 329 дерегін анықтады.

–Осы кезеңде 237 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа браконьерлікпен және сирек кездесетін, жоғалып кету қаупінде тұрған балық түрлерінің заңсыз айналымымен байланысты кінәлі деп танылғандарға қатысты 8 қылмыстық іс қозғалды. Оларға жалпы сомасы 5,6 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Есепті мерзімде 1,6 тоннаға жуық су маржаны (соның ішінде 363 келісі бекіре тұқымдас балық), 76 балық аулау және 17 судағы көлік құралы тәркіленді, — деді инспекцияның ресми өкілі Олег Тушканов.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button