Бір күнде 3 автокөлікке соқтығып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіге бес әкімшілік хаттама жасақталды

9a3cb9e0 4e48 4b93 964c 7df631190e59 Құқық

13 желтоқсан күні сағат 21:22 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына 1970 ж.т., әйел адам қоңырау шалып, З.Қабдолов көшесінде “Toyota Highlander” маркалы автокөлігін белгісіз қара түсті автокөлік соғып, оқиға орнынан қашып кеткендігі жөнінде хабарлама берген.
Одан әрі хабарламаның арасына он минут салып тағы екі қала тұрғыны қоңырау шалып, қара түсті “Mercedes” маркалы автокөлігінің өз көліктерін соғып, оқиға орнынан қашып кеткендігін айтып, хабарлама қалдырған.

f4190c7d bd57 4e7a b079 7b4148c6316e

Аталған хабарламаға дереу жеткен патрульдік полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 3 бірдей көлікке соқтығыс жасап, оқиға орнынан қашып кеткен “Mercedes Benz” маркалы автокөлігін ұстады. Оның 1977 ж.т., жүргізушісін медициналық сараптамадан өткізу кезінде аталған азаматтың ішімдік ішпегендігі анықталды. 44 жастағы азамат өз кінәсін толықтай мойындады.

20feac09 07a7 4cae b290 70cff23ba147

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігімен (Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы) және 611 бабының 2 бөлігімен (Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) бес әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз