Жарнама
Құқық

Аудандық полиция бөлімінің бастығы тағайындалды

Полиция подполковнигі Манарбек Үмбетәлиев Исатай аудандық полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалды, — деп хабарлайды аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Манарбек Ғаділбекұлы 1985 жылы 13 шілдеде Атырау облысы, Атырау қаласында дүниеге келген. Ұлты — қазақ. 2006 жылы қазіргі Гуманитарлық академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтап, еңбек жолын сол жылы Атырау қаласындағы ҚР ІІМ училищесінің тыңдаушысы ретінде бастаған.

Әр жылдары Атырау қаласының ішкі істер органдары криминалдық полиция бөлімшесінің жеке басына қарсы қылмыстарды ашу жөніндегі топтың жедел уәкілі, Атырау қалалық ішкі істер басқармасы криминалдық полиция бөлімшесінің жеке басына қарсы қылмыстарды ашу жөніндегі топтың жедел уәкілі, Атырау қалалық ішкі істер басқармасының №1 қалалық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі, облыстық ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасының жеке басына қарсы бөлімінің аса ауыр қылмыстарды ашу жөніндегі тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, Құрманғазы аудандық ІІД криминалдық полиция бөлім бастығының бірінші орынбасары, Құрманғазы ауданының ІІД криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары, ҚР ІІМ Атырау облысы департаменті экстремизмге қарсы іс қимыл басқармасының діни экстремизмге қарсы іс қимыл бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, ҚР ІІМ Атырау облысы департаменті Криминалдық полиция басқармасының екінші бөлімінің бастығы, Атырау облысы ІІД Жылыой ауданының ІІД криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 2024 жылдан бастап бүгінге дейін ҚР ІІМ Атырау облысы департаменті Криминалдық полиция басқармасының бесінші бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button