Атыраулық тұрғын сүйекті көпірден лақтырып жіберді (+ВИДЕО)

screenshot 20220517 143632 Құқық

Көпірден сүйек қалдықтарын лақтырған атыраулық бейнекамераға түсіп қалды.

Атырауда 15 мамыр күні сағат 21:00-де қаладағы Мечников көпірінде ер адам көлігінен түсіп, қара түсті қоқыс салатын қапты суға лақтырып жіберген. Бұл әрекеті Атырау қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалды.

Тәртіп сақшылары аталған азаматты дереу анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабының 1 бөлімімен (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) әкімшілік хаттама жасақтады. 1977 ж.т. ер адам қара түсті қоқыс салатын қапқа садақадан шыққан сүйек қалдықтарын салғанын айтады. Қала тұрғынына осы бапта көрсетілгендей, 15 315 теңге көлемінде айыппұл салынды.

«Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз