Атырауда велосипед ұрлығы тыйылмай тұр…

11 5127708 Құқық

Атырауда жыл басынан бері алты велосипед ұрлығы тіркелді.

Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын-алу мақсатында  профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Көктем мезгілінің басталуымен велосипед ұрлығының көбеюі байқалады. Көбінесе кейін сату мақсатында жасалады. Тұрғындардың өздері де қауіпсіздікке немқұрайлы қарайтыны анықталып отыр.

Осы орайда, учаскелік инспекторлар көпқабатты үйлердің тұрғындарымен кездесіп, велосипед, басқа да мүлікті кіреберістерде қараусыз қалдырмауға шақыруда. Сондай-ақ, велосипедке арналған құлып сатып алу қажет.

Амандық АБДОЛ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз