Жарнама
Құқық

Атырауда еңбек қауіпсіздігі ережесін сақтамау дерегі тіркелді

Жуырда әлеуметтік желілерде Атырау қаласында бағдаршам жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшының жеке қорғаныс құралдарынсыз биіктікте жұмыс істеген сәтінен бейнежазба таралған болатын. Осы жағдайға байланысты Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті бұл дерекке дереу назар аударып, тексеру шараларын бастады.

Аталған департамент басшысы Игілік Әубәкіров «Чемпион» жеке кәсіпкерлігінің басшысымен кездесіп, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын қатаң сақтау қажеттігін түсіндірді.

Түсіндіру жұмыстары барысында жұмыс берушіге қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарынсыз жұмысқа жібермеу, еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұлжытпай орындау, қауіпті жұмыстар кезінде бақылауды күшейту қажеттігі ескертілді.

Анықталған бұзушылықтарды жою мәселесі департаменттің ерекше бақылауында.

–Еңбек қауіпсіздігі – әр қызметкердің өмірі мен денсаулығының кепілі. Бұл бағыттағы талаптар мен ережелердің сақталуы – жұмыс берушілердің басты міндеті, — деді И.Әубәкіров.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button