
Құқық
Атырау қаласына жаңа прокурор тағайындалды
Атырау қаласының прокуроры болып Мерген Мендіғалиев тағайындалды.
Мерген Өмірбекұлы 1989 жылдың 28 қарашасында Атырау қаласында дүниеге келген. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Құқық қорғау саласында түрлі жауапты қызметтер атқарған. Тағайындалғанға дейін Маңғыстау облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы қызметін атқарған.
А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ



