Астана қаласында “Cyber Challenge Kazakhstan” форумы өтеді
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің ұйымдастыруымен 12–13 желтоқсанда Астана қаласында “Cyber Challenge Kazakhstan” форумы өтеді. Форум аясында киберқауіпсіздік мәселелері бойынша пікірталас алаңы ұйымдастырылып, сондай-ақ күштік құрылымдар командалары арасындағы кибертурнир өткізіледі.
Турнирдің мақсаты – күштік құрылымдардың киберқауіпсіздік саласы қызметкерлерінің кәсіби даярлық деңгейін арттыру, киберқауіптерді анықтау және алдын алу дағдыларын жетілдіру, командалық өзара әрекеттестікті нығайту және ақпараттық кеңістіктегі келеңсіздіктерге әзір болуды қамтамасыз ету.
“Киберқауіпсіздік – біздің қорғаныс шебіміз” ұранымен өтетін турнирге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, “Мемлекеттік техникалық қызмет” АҚ өкілдерінен құралған 10 команда қатысады.
Турнир жеңімпаздары “қалалық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды бұзу”, “радиосигналды бұғаттау”, “ЖК аппараттық бөлігін бұзу” сияқты шартты тапсырмаларды орындау барысында жинаған ұпай саны бойынша анықталады.



