Жарнама
Құқық

Әскери жаттығу басталды

Бүгін Атыраудағы 41433 әскери бөлімінде жас сарбаздардың алғашқы дайындық жаттығулары басталды. Екі күнге созылатын «Қарабатан» полигонындағы оқу-жаттығуға бір ай бұрын шақырылған жүзге жуық жас жауынгер қатысып жатыр.

1203f6e1 770b 4e0a 879e f5d8e45d2a95


Санаулы күннен кейін ант қабылдайтын жас сарбаздар әскери техникаға қарсы ұрыс тәсілдерін орындап, атыс дайындығы бойынша тәжірибелік жаттығулардан өтуде.
Әскери бөлім басшылығының мәлімдеуінше, оқу-жаттығулар жауынгерлердің әскери техникамен өзара іс-қимыл дағдыларын қалыптастыру және атыс шеберлігін жетілдіруді мақсат етеді.

ed358a15 e427 46a2 945d 3c37f9a358a6


– Әскери өмір қызықты әрі тәртіпке үйретеді. Мұнда жауапкершілік пен бірліктің қадірін терең түсінесің, — дейді Ақтөбе облысынан шақырылған жас сарбаз Бекмұрат Нұрсерік.


Қорғаныс министрлігі Ақпарат және коммуникациялар департаменті Атырау филиалы баспасөз қызметінің бастығы, лейтенант Нұржанат Мұхаметтің айтуынша, мұндай дайындықтар сарбаздардың рухын нығайтып, алдағы ант қабылдау рәсіміне жан-жақты дайын болуына мүмкіндік береді.


Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button