Жарнама
Құқық

Әлеуметтік желідегі жазбалары үшін 22 жастағы әйел 3,5 жылға сотталды

Қарағандыда әлеуметтік желідегі жазбалары үшін 22 жастағы Алика Мұхамадиева 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өз парақшасында қазақстандықтарды «мамбет» деп, мұсылмандарды «доңыз» сөздерімен қорлап, қазақ тілін «жартылай қалбит диалектісі» деп атаған. Тергеу барысында оның бірнеше жазбасы ұлтаралық және діни араздықты қоздыруға бағытталғаны анықталды.

Сот Алика Мұхамадиеваны ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы («Ұлтаралық араздықты қоздыру») бойынша айыпты деп танып, 3,5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Алайда, оның екі жасар баласы бар болғандықтан, жазаны өтеу 2 жылға кейінге қалдырылды.

Бұл оқиға әлеуметтік желілердегі жазбалар үшін де заң алдында жауапкершілік бар екенін көрсетеді. Сот шешімі қоғамда онлайн ортадағы этика мен жауапкершіліктің маңызын тағы бір еске салды.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Сурет ашық дереккөзден алынды

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button