АТЫРАУЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМ ЖОҒАЛЫП КЕТКЕНІН ХАБАРЛАДЫ

2015100820385786895 kamish1 Құқық

Атырауда қамыс арасында жоғалып кеттім деп жалған хабарлама берген жасөспірім анықталды.

Атырау қаласының 2006 ж.т., тұрғыны өзінің қамыс арасында жоғалып кеткені туралы хабарлама берген. Аталған факті бойынша хабарлама түскен телефон номері өшірулі тұруына байланысты жоғалған адамды іздеу бойынша дереу Төтенше жағдайлар бойынша департаментінің қызметкерлері мен полицейлер жұмылдырылды. Кейін, хабарлама жалған екендігі анықталып іздеу жұмыстары тоқтатылды. Ал, құзырлы органдарға жалған хабарлама берген 2006ж.т., жасөспірім мен ата-анасы Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Жасөспірімнің 1981ж.т., анасына ҚР ӘҚБтК-нің 438 бабы 1 бөлігімен хаттама толтырылып, 84 мың теңге айыппұл салынды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз