АТЫРАУДАҒЫ ЖАППАЙ ТӨБЕЛЕСКЕ ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ…

og og 1448990851373762502 Құқық

Балалардың жаппай төбелесі туралы жалған ақпарат берген жасөспірімдер анықталды.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен білдік. 10 мамыр күні сағат 04:10 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының 102 арнасына белгісіз адам Бейбарыс даңғылында орналасқан “Ерлер моншасы” тұсында жасөспірім балалардың төбелесіп жатқандығы жөнінде хабарлама қалдырған. Оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полиция қызметкерлері хабарламаның жалған екендігін анықтады.

Белгілі болғандай 17 жастағы төрт жасөспірім балалар түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде жүріп, полиция қызметкерлеріне жалған хабарлама берген. Сондай-ақ, олар 102 арнасына қоңырау шалған сәтті өздерінің ұялы телефондарына түсіріп алған.

Аталған жасөспірім балалардың ата-аналары полиция басқармасына шақыртылып, олардың барлығы ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 2 бөлімімен (кәмелетке толмаған жасөспірім балалардың түнгі сағат 23:00 кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде болуы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Одан басқа, полиция қызметкерлеріне жалған хабарлама берген 17 жастағы жасөспірімнің анасына ҚР ӘҚБтК-нің 438 бабының 1 бөлімімен (Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) әкімшілік хаттама жасақталып, 15 315 теңге айыппұл салынды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз