Жарнама
Құқық

10 айда жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды

ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес, «Е-өтініш» бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы азаматтардың өтініштерін тіркеу және олармен жұмыс жаңа форматта жүргізілуде.

2021 жылғы шілде-қазан айларында «Е-өтініш» жүйесінде 8921 өтініш тіркелді, оның 8098-ы орындалды, 823-ы қаралуда. Ағымдағы жылдың 10 айында ЖАО-ға келіп түскен өтініштердің жалпы саны – 29 858 құрады, 2020 жылдың ұқсас кезеңінде – 32 643, 8,5%-ға төмендегені байқалады.

Есепті кезеңде облыс бойынша барлық деңгейдегі әкімдермен 682 қабылдау ұйымдастырылып, 3499 азамат жеке қабылданды, оның ішінде 488 азаматтың мәселесі оң шешіліп, 3011 азаматқа заңға сәйкес түсінік берілді.

Облыс әкімдігі басшылығымен барлығы 273 азамат жеке қабылданды, оның ішінде 102 азаматқа облыс әкімінің жеке қабылдауы ұйымдастырылды. Қабылдау нәтижесімен 30 азаматтың мәселелері оң шешіліп, 243 азаматқа қабылдау кезінде заңға сәйкес түсінік берілді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында облыс әкімдігінде және қала мен аудандар әкімдіктерінде ашылған фронт-офистерде азаматтарға «Open әкімдік» форматында қызметтер көрсетілуде.

Бұл ретте, әртүрлі мәселелермен облыс әкімдігінің фронт-кеңсесі арқылы 1280 азамат өтініш білдірді. Олардың:  тұрғын үй – 303, денсаулық – 187, әлеуметтік көмек – 40, білім – 131, жұмыспен қамту — 113,  жерді пайдалану — 61, инфрақұрылым – 18, кәсіпкерлік – 35, құрылыс – 17,  ономастика – 6, ауыл шаруашылығы – 14, қаржы -7, тағы да басқа мәселелер бойынша – 327. Барлығына «Осында және қазір» қағидаты бойынша жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық департаменттердің, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің құзыретті лауазымды тұлғалары бекітілген кестелер мен өзара ынтымақтастық туралы жасалған Меморандумдарға сәйкес консультациялар мен түсініктемелер берілуде.

Өтініштердің қаралу мерзімдерін бұзуға жол бермеу, өтініш берушілерге формальды жауап берудің жолын кесу мақсатында мемлекеттік органдардың жұмыс сапасына мониторинг жүргізіліп отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button